+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Ninety One тобы онлайн концерт өткізеді

2020 жылғы 31 наурыз 19:50
Бөлісіңіз:
Ninety One тобы онлайн концерт өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында k-pop жанрында ән айтатын Ninety One тобының онлайн концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көпшіліктің сұрауы бойынша «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Ninety One тобының онлайн концерті өтеді. Сүйікті әндеріңіз орындалатын керемет кешті жіберіп алмаңыздар», - деп хабарланды топтың ресми парақшасында.

Онлайн концерт YouTube желісінде бүгін сағат 21:00-де басталады.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елдегі төтенше жағдай кезеңінде бірнеше онлайн-жобаны жүзеге асыруда. Олардың арасында өнер сүйер қауымға арналған «Карантиндегі жұлдыз» жобасы бар. Күнде кешке YouTube-арнасының тікелей эфирінде танымал қазақстандық жұлдыздардың концерті өтеді.

Бұған дейін Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Сейдоллаұлы, Ғаділбек Жанай, Сәкен Майғазиев онлайн концерт берген болатын. 26 наурыз күні кешке қазақстандықтарды өз әндерімен Роза Рымбаева қуантты. Жоба Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен жүзеге асырылуда.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT