Никол Пашинян Армения премьер-министрлігіне үміткер ретінде ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Елк» фракциясы ресми түрде Армения премьер-министрлігіне үміткер ретінде ұсынған «Елк» блогының жетекшісі Никол Пашинян кезектен тыс парламент сайлауын өткізілу керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

«Царукян» фракциясымен кездесуден кейін журналистерге сұхбат берген Пашинян кезектен тыс парламент сайлауын өткізу мерзімін талқылау әлі де жалғасатынын атап етті.

«Сайлауға дейін ашық әрі еркін сайлау өткізуге барлық жағдай жасалғанына сенімді болуымыз керек. Бізге нәтижесіне ешкім сенімсіздік танытпайтын сайлау қажет», - деді Пашинян.

«Царукян» фракциясымен кездесу жайында ол онда елдегі ішкі саясаттың ахуалы және оны шешу жолдары талқыланғанын атап өтті. Пашинянның айтуынша, «Царукян» фракциясы оның кандидатурасын қолдаған.

Фракциясымен кездесуден кейін Пашинян Арменияның республикалық партиясы және «Дашнакцутюн» армян рефолюциялық федерациясы фракцияларымен кездеседі.

Айта кетерлігі, 30 сәуірде «Елк» фракциясы бірауыздан Пашинянды үкімет басшысына үміткерлікке ұсынды. Қалған үш фракция өз үміткерлерін ұсынудан бас тартты. Ал парламент сайлауы 1 мамырға белгіленген.

Соңғы жаңалықтар