Никита Абдрахманов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

None
Фото: prosports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Никита Абдрахманов Албанияның Дуррес қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы 102 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыстың нәтижесінде 369 келі (164+205) салмақты бағындырды.

Бұған дейін ел құрамасынан Ерасыл Сәулебеков (73 келі) алтын, Нұрдос Сабыр (89 келі), Таисия Алексеева (64 келі) күміс, Дарья Балабюк (55 келі), Нұрасыл Арапбай (67 келі) қола жүлде алған еді.

Дүбірлі додаға әлемнің 57 келінен 268 спортшы келген.

Жарыс 1 сәуірде мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар