«Nike» компаниясы Мария Шараповамен ынтымақтастықты қалпына келтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорт тауарларын шығаратын «Nike» компаниясы допинг қолданушы тізіміне енгізілген ресейлік теннисші Мария Шарапованың спорттьқ жарыстардан екі жыл мерзімге шеттетілгеніне қарамастан онымен ынтымақтастықты қалпына келтіретіні туралы жариялады, деп хабарлады russian.rt.com

«ITF комиссиясы Шарапованың дәлелдерін қабылдап, ол ережені әдейі бұзбағаны туралы пікірге келді. Мария өз кінәсін мойындап, жұртшылық алдында кешірім сұрады, бірақ сонда да жарыстардан шеттетілді. Біз Марияны корттан қайта көріп, онымен ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз», - делінген Wall Street Journal таратқан компания мәлімдемесінде.
«ITF» қаулысына сәйкес, Мария Шарапова кортқа 2018 жылдың қаңтар айында ғана орала алады.

Соңғы жаңалықтар