Нигериялық физик Айхан Яман Қазақстанның қай қаласын ұмыта алмай жүргендігін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 45-ші Халықаралық физика олимпиадасына келген нигериялық топтың жетекшісі Айхан Яман Қазақстан қалаларының ішінде Алматының жүрегіне жақын екендігін айтты.

Нигериялық мейман оңтүстік Астанаға ең алғаш 2006 жылы Азиялық Олимпиада ойындарына қатысуға келген екен.

«Астана - өте сәулетті, көркем қала. Бірақ, мен үшін Алматының алар орны бөлек. Мен көп жыл бұрын Алматыда болғанмын. Сол кезден бері Алматының табиғаты мен ұлттық нақышына ғашықпын. Шынымды айтсам, IPho Алматыда өтеді екен деп үміттендім», - деді ғалым.

Африкалық қонақ Астананың қонақжайлылығын да атап өтті.

«Қазіргі Олимпиада кемшіліксіз өткізілді. Техникалық тұрғыдан ешқандай келеңсіздік көрмедім. Қонақжайлылығы тұрғысынан Астанадағы Олимпиада мен үшін Таиланд пен Түркияда өткізілген IPho-мен тең», - деді А.Яман.

Соңғы жаңалықтар