Нигериядағы мұнай құбыры жарылысынан 24 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигерияның оңтүстік-шығысында Абия штатындағы мұнай құбыры жарылысынан қаза тапқандар саны 24 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.

Бұған дейін қаза болған 16 адам жөнінде хабарланған еді.

Punchng басылымының жазуына қарағанда, 14 адам Умуимо елді мекенінде, тағы 10 адам Умудуруда көз жұмған. Бастапқы мәліметтерге сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде жоғары қысымды құбырдан мұнай ағып кеткен. Кейін ол жерде алапат өрт шыққан. 

Соңғы жаңалықтар