Нигерияда қарақшылар автобустан 15 жолаушыны ұрлап кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нигерияда қаруланған қарақшылар тобы автобустан 15 жолаушыны ұрлады. Leadership газеті мәлім еткендей, оқиға елдің солтүстігіндегі Кацина шататында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Куәгерлердің айтуынша, Сафана ауданындағы Цакския-Уммадау маршруты бойынша келе жатқан автобусқа шамамен 20 қарақшы шабуыл жасаған. Қоғамдық көлікте Джибиа қаласындағы базардан қайтып келе жатқан саудагерлер болған.

Гамбо полициясының өкілі Иса ұрлау фактісін растады.


Соңғы жаңалықтар