Нигерия жағалауларында 166 адамы бар кеме суға батып кетті

None
None
АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Нигерия жағалауынан 70 шақырым жерде бортында 166 адам болған ағаш кеме суға батып кетті, деп хабарлады Ресей Жаңалықтар агенттігі.

Жергілікті құтқару қызметі өкілінің мәліметінше, екі адам тірі қалды. Бортта болған қалған адамдардың тағдыры әзірге белгісіз.

Кеме елдің оңтүстігіндегі Орон қаласының портынан шығып, оңтүстік-шығысқа Габон жағалауына қозғалып келе жатқан.

Соңғы жаңалықтар