Нигерде содырлар қолынан 137 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нигер елінің солтүстік-батысындағы елді мекенде содырлардың шабуылы салдарынан қаза болған адамдардың саны 137-ге жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дүйсенбіде Reuters агенттігі шабуыл салдарынан 60 адам құрбан болғаны жайында ақпарат берген еді.

Жексенбі күні қарулы содырлар Нигердің Малимен шекарасының маңындағы бірнеше кенттің адамдарына оқ жаудыра бастаған.

15 наурызда содырлар елдің батысында Тилабери ауданында 58 бейбіт тұрғынды өлтіріп кетті.

Нигердің Мали және Буркина-Фасоға жақын жатқан батыс облыстарында «Ислам мемлекетінің» құрылымы болып табылатын «Батыс Африкадағы Ислам мемлекеті» экстремистік лаңкестік тобының содырлары әрекет етуде.


Соңғы жаңалықтар