Нидерландылық бала маймыл шешегін жұқтырып алды
2022 жылғы 5 шілде 18:11

Нидерландылық бала маймыл шешегін жұқтырып алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерланды Ұлттық денсаулық сақтау институтының мәліметінше, соңғы бірнеше күнде елде маймыл шешегі ауруының 64 жаңа жағдайы, оның ішінде мектеп жасындағы баладан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, баланың маймыл шешегін қалай жұқтырғаны әлі белгісіз, бірақ Нидерланды ұлттық денсаулық сақтау институты бұл жұқтырған адамның терісімен байланыста (жанасу) болғандықтан деп санайды.

Қалған жаңа жағдайлардың көпшілігі дәстүрлі емес бағдардағы ерлерге қатысты. Бұл Амстердамдағы және Нидерландының басқа да ірі қалаларындағы бір ай ішінде болған прайда іс-шараларына байланысты болуы мүмкін.

Нидерландыда барлығы 352 маймыл шешегі инфекциясын жұқтырғандар табылды.




Фото: parrotlla.org
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT