Нидерландыда туристер үшін салық енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нидерландыда туристер Амстердамда қонуы үшін бір түнге 3 доллар төлеуі тиіс. Жаңа салық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Telegraph басылымына сілтеме жасап.

«Жаңа жылды Амстердамда қарсы алған туристер бұл әрекетіне өкінген болуы мүмкін. Себебі олар қалада қалуы үшін бір түнге 3 доллар салық төлеуі тиіс», - деп жазады басылым.

Басылымның хабарлауынша, жаңа салық қонақ үйдегі бөлме бағасының 7 пайызын қамтитын төлемді толықтырып тұр. Ал Airbnb арқылы бөлме жалға алған туристер түніне бұдан да көп ақша төлейді, нақтырақ айтскақ, бөлме бағасының он пайызын бюджетке қалдырады.

1,1 млн тұрғыны бар Амстердам қаласына жылына 17 млн турист келеді. Қала тұрғындары шу мен басқа да келеңсіздіктерге шағымданған соң, билік осындай стратегия қабылдап отыр. Қала әкімшілігі туристік салық қаладағы туристер ағынын реттеуге көмегін тигізеді деп тұжырымдайды.






Соңғы жаңалықтар