Нидерландыда су тапшылығы байқалуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нидерландыда тұщы су жетіспей отыр. Ел билігі тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Ауызсуға қауіп төніп тұрған жоқ, мен мұны ерекше атап өткім келеді. Жауапты мамандар оны тиісті түрде жеткізудің тәулік бойы жүзеге асырылуын қадағалап отыр. Бірақ суды өте үнемді пайдалану қажет. Қазіргі кезде әсіресе кеме қатынасы мен ауыл шаруашылығы көбірек зардап шегіп отыр. Өзендерде су азайып, кемелер жүкті аз мөлшерде тасымалдауда», - деді су мәселесі жөніндегі менеджер Мишель Блом.

Осындай жағдай Гельдерланд және Оверейссель провинциялары арқылы өтетін Эйссел өзенінде де орын алған.

«Эйссель өзеннің тартылуы салдарынан сорғылар енді су тарта алмай отыр», - деді Нидерландының Су қорлары жөніндегі кеңесінің маманы Хенк Велдхуйзен.

Елдің Инфрақұрылым және су шаруашылығы министрі Марк Харберс тұрғындарды суды барынша үнемдеуге шақырды.




Фото: ru.euronews.com







Соңғы жаңалықтар