Нидерландыда инфляция 9,7 процентке дейін өсті

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Нидерланды статистикалық басқармасының деректеріне сәйкес, елде инфляция деңгейі 9,7 %-ға дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

« Қазіргі инфляция - Нидерландыда 1976 жылдың сәуірінен кейін тіркелген ең жоғарғы деңгей « , - деген CBS Ұлттық статистикалық басқармасының өкілдері.

Мемлекет аумағында наурыз айында энергия 157 %-ға қымбаттап, тамақ өнімдері 6,2 %-ға өскен. Құрылыс материалдары, жиһаз және еден төсеніштерінің бағасы да жыл сайын 10 %-ға артып келеді.
Тұрғын үйді жалдау құнын алып тастайтын инфляцияны есептеудің еуропалық әдісі еуроаймақтағы инфляцияны салыстыруға мүмкіндік береді. Нидерланды статистикалық агенттігі нидерландылықтардың жалақысы 2022 жылдың алғашқы үш айында орташа есеппен 2,4 %-ға өскенін атап өтті.
Осы жылдың бірінші тоқсанында инфляция 7,4 %-ды құраған. Қазіргі уақытта Нидерланды үкіметі энергия бағасын арзандату, әсіресе кедей отбасыларына ықпалын төмендету бойынша шаралар пакетін дайындады.

Соңғы жаңалықтар