Нидерланды үкіметі COVID-19-дың өршуіне байланысты кезектен тыс отырыс өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерланды үкіметі коронавирус инфекциясының өршуіне қарсы күрес шараларын талқылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 желтоқсан күні RIVM Қоғамдық денсаулықты сақтау институты бір күнде елде 9182 адамнан коронавирус анықталғанын мәлімдеді. Бұл 1 қарашадан бергі тіркелген ең үлкен көрсеткіш. Премьер-министр Марк Рютте өткен аптада егер ауру жұқтыру деңгейі азаймаса, шектеу шаралары мәжбүрлі түрде енгізілетінін айтқан болатын.

Кезектен тыс отырысқа денсаулық сақтау мәселеі бойынша кеңесшілер де шақыртылған.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, музейлер мен зоопарктердің жұмысы тоқтатылуы мүмкін.

Билік өкілдері Рождество мерекесі кезінде шектеу босаңсып, одан жұрт жапа шеге ме деп алаңдаулы. RIVM Қоғамдық денсаулықты сақтау институтының сарапшылары ауру жұқтыру деңгейінің өсіп кеткеніне «Жомарт жұма» акциясының әсері бар» деп болжам жасауда. Себебі сол кездері Нидерланды қалаларының орталық көшелерінде жұрт көп шоғырланған болатын.

Кей жерлерде шаһар басшылары дүкендерге уақытынан бұрын жабылуды бұйырған. Себебі арзан бағамен сатылып жатқан тауарларды алуға жиналған жұрттың қарасы көбейіп кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар