Нидерланды мен Францияда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – RIVM нидерландтық қоғамдық денсаулық сақтау институтының мәліметі бойынша Нидерланды коронавирус жұқтырудың 3831 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нидерландыдағы күн сайынғы статистика тәулігіне ауруға шалдығу жағдайларының саны 600-ге дейін артқанын көрсетуде. Жергілікті ауруханадағы пациенттер саны 42-ден 733-ке артқан. Оның ішінде 160 адам интенсивті терапия бөлімінде ем алуда. Нидерландыда қауіпті вирустан көз жұмғандар саны тоғызға көбейген, орташа есеппен алғанда күніне 14 өлім жағдайы тіркеледі.

Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте жаңа шектеулер енгізілгенге дейін алдағы бірнеше күн ішінде коронавирус жұқтыру жағдайларының саны 5000-ға дейін болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Вирустың алдын-алу бойынша жаңа шаралар қатарында кафе мен барлардың кешкі 22:00-де жабылуы, топтасып жүруді шектеу және қоғамдық ғимараттарда, соның ішінде дүкендерде, мұражайларда және мемлекеттік мекемелерде міндетті түрде маска тағу бар. Коронавирус жұқтырудың ең жоғары динамикасы ірі мегаполисАмстердамда тіркелген.

COVID-19 ауруының өсу тенденциясы Францияда да тіркелді. Мұнда сенбі күні кешке 16 972 коронавирусқа шалдығу жағдайы анықталды. Эпидемия өршіген Париж бен оған жақын маңдағы бірнеше мегаполисте «қызыл аймаққа» ену қаупі бар.

Бұл жағдайда Франция үкіметі келесі аптада қоғамдық тамақтану және демалу орындарының жұмысына жаңа шектеулер енгізуге дайын екенін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар