+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Нидерланды елімізде картоп фриін шығаратын зауыт салуға ниетті

2019 жылғы 18 сәуір 16:57
Бөлісіңіз:
Нидерланды елімізде картоп фриін шығаратын зауыт салуға ниетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Дирк Ян Коппен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы өнімдері тауарларының айналымы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Алматы облысында картоп фриін шығаратын зауыт құрылысы мен Павлодар облысында нидерландиялық Lely компаниясымен бірлескен демонстрациялық сүт фермасын құру жобалары қарастырылды.

Айта кетейік, Нидерланды қазақстанның экономика және ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды серіктесі саналады. 2018 жылы Қазақстанның Нидерландымен агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің тауар айналымы 68,1 млн долларды құрады. Бұл ретте экспорт көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 2 есе артып, 10,1 млн доллардан 22,2 млн долларға жетіп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT