Нидерландтық инвестор екі күнде берілетін қорытындыны екі ай күтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті шетелдік инвесторларға көмектесті. Екі ай күткен мемлекеттік сараптама қорытындысы екі күнде берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде бизнестің кедергісіз жұмыс істеуіне бағытталған «Protecting business and Investments» жобасы сәтті іске асып жатыр. Түркия, Қытай, Словакия, Швейцария, Ресей, Германия, Нидерланды секілді елдердің инвесторлары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жобаға енді. 

«Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжай құрылысы үшін қажетті мемлекеттік сараптама қорытындысын екі айға жуық уақыт ала алмай жүрді. Жұмыс нәтижесінде екі күнде берілді. «Gazprocessing» компаниясының өтініші де өз шешімін тапты. Компания «Қазхром» ТҰК АҚ территориясы арқылы электр тогын өткізе алмай келген. Ал «Ақсу Мебель» ЖШС шетелдік жұмыс күшіне квота алды»,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Расул Медетов.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, шетелдік және қазақстандық инвесторларды жемқорлықтан қорғау үшін құны 463,7 млрд теңге болатын 23 келісімге қол қойылған. Барлығы 23 өтініш түсіп, оның 20-сы тез шешімін тапты. Ал үш мәселе бақылауға алынды.

 

Соңғы жаңалықтар