Нидерландта карантин шаралары желтоқсанға дейін созылуы мүмкін

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат. – Нидерланд денсаулық сақтау ұлттық институтының (RIVM) мәліметінше, елде өткен тәулікте 8141 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ауруханаға жатқызылған науқастар саны 15-тен 1568-ге дейін көбейді, оның 352-і қарқынды терапия бөлімінде ем алып жатыр. Коронавирустан 28 адам қайтыс болды.

Осылайша кейінгі аптада Нидерландтағы орташа тәуліктік өлім көрсеткіші - 24. Өкінішке қарай, бұл сан өткен аптамен салыстырғанда жетеуге артық.

Коронавирусқа шалдыққандар ең көп анықталған аймақ – Амстердам. 683 адам тіркелген.

RIVM институтының вирусологы Яап ван Диссель жергілікті телеарналардың бірінде Нидерланд үкіметі осы аптада енгізген ішінара оқшаулау шарасы 2020 жылдың желтоқсанына дейін созылуы мүмкін екенін хабарлады.

«Егер есептеу жүргізетін болсақ, КВИ өсімі ұзаққа созылуы мүмкін, көрсеткіштер де жоғары болады», - дейді вирусолог.

«Бұл жағдайдың қаншалықты ұзаққа созылатынын болжауға болады, бірақ биыл желтоқсан айына дейін ұзаруы мүмкін екенін нақты айта аламыз», - деп сенімді айтты Я.Диссель.


Соңғы жаңалықтар