Нидерландта COVID-19-бен байланысты жағдай оңалып келеді -дәрігерлер

None
None
БРЮССЕЛЬ-ГААГА. ҚазАқпарат – Нидерландыдағы коронавирусқа жасалған сынақтардың оң көрсеткіші 30 қазан күні 11 мыңнан асса, сенбі күні, яғни 31 қазанда бұл көрсеткіш құлдырап, 10 мың адамды құрады.

Осыған байланысты Нидерландтың қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық институты RIVM елде коронавирус пандемиясының тұрақтануының кейбір белгілері бар деп санайды, деп жазады ҚазАқпарат.

31 қазанда RIVM институты Нидерланды тұрғындарын COVID-19 вирусына тексеріп, 9839 оң нәтиже анықтаған.

Бұл ретте Роттердам қаласында – 641, Амстердамда – 559, астанасы Гаагада – 375 және Утрехтте 216 жағдай анықталды. Нидерландыда бір апта ішінде 70 мыңнан астам оң тест тіркелген. Пандемия 2020 жылдың ақпан айында басталғаннан бері елдің 351 000-нан астам тұрғыны қауіпті инфекциямен ауырды. Соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны 51-ге көбейді.

30 қазанда COVID-19 вирусымен науқастанғандар санының өсімі 11 141-ге жеткенімен, бұл алдыңғы күндермен салыстырғанда 865-ке көп болды. Осы себепті дәрігерлер жағдайдың оңалып келе жатқанын өте сақтықпен айтады. Олардың ойынша, соңғы алты күнде қоғамдық денсаулық сақтаудың борттық компьютерлік жүйелерінде екі рет проблема туындаған. Бұл екі апта бұрын енгізілген ішінара оқшаулаудың әсерін объективті бағалауды қиындатты.

«Мүмкін, осы себепті өсу туралы хабарламалар әдеттегіден көп болуы мүмкін. Сонымен қатар денсаулық сақтау комитеттері де тестілеуді күшейтті, бірақ оң сынақтардың саны тұрақты болып қалды. Бұл жақсы нәтиже. Енді біз тек ережелерді сақтауымыз керек», – деді Нидерланды Ұлттық медициналық орталығының өкілі.

«Бұл тенденцияның қаншалықты сақталатынын алдағы күндерде көреміз», – деді Нидерланды LNAZ ауруханасына жедел көмек көрсету қауымдастығының басшысы Эрнст Кейперс.

Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте үкімет бұрын енгізген карантинді қатайту шаралары оң нәтиже берді ме, жоқ па деп айтуға әлі ерте екенін айтты.

«Алдағы күндері біз тестілеу нәтижелері мен ауруханалардағы жағдайды мұқият зерттейміз. Шынымен де жағдай тұрақтанып келе жатқан сияқты», – деді ол.

М. Рютте мен денсаулық сақтау министрі Уго де Йонг 3 қарашада баспасөз мәслихатын өткізеді. Мәслихатта елдің қатаң локдаунға кіретіні немесе қазіргі өзін-өзі оқшаулау шараларын жалғастырылатыны хабарлануы ықтимал.

Авторы: Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар