Нидерланд Ұлттық қызғалдақ күнін тойлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерланд халқы Ұлттық қызғалдақ күнін тойлап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.

Амстердамдағы Ханымдар алаңына 200 мың қызғалдақтан жасалған түсті кілем төселді. Оны тамашалап әрі тегін гүл шоғын алу үшін кеше таңсәріден мыңдаған жергілікті тұрғындар мен туристер осында келді.

Айта кеткен жөн, жыл сайын Нидерландтың құнарлы алқаптарында өсірілген 2 миллиард данадан астам қызғалдақ әлемнің түкпір-түкпіріне экспортталады.

Соңғы жаңалықтар