+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Нидерланд әлеуметтік қашық шектеуін алып тастады

2021 жылғы 15 қыркүйек 08:10
Бөлісіңіз:
Нидерланд әлеуметтік қашық шектеуін алып тастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нидерланд Корольдігінде 18 айдай уақыт өткен соң коронавирус пандемиясы жағдайында қалыпты өмірге қайтып оралуға үлкен қадам жасап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин: Қазіргі міндет – 60 пайыз ұжымдық иммунитет қалыптастыру Көкшетауда дүркіретіп той өткізгендер анықталып, әкімшілік жазаға тартылды Коронавирус: Семейде оқушыларды мектепке автобуспен жеткізу тоқтатылды

14 қыркүйек күні Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте 25 қыркүйектен бастап корольдікте 1,5 метр әлеуметтік қашықты сақтау ережесі жойылатынын мәлімдеді. Бұл адамдардың көпшілік жиналатын концерт, театр, мейрамханалар мен дәмханаларға баруына мүмкіндік береді. Енді елдің жоғарғы футбол дивизионының матчтары 2020 жылдың көктемінен бері адам толық жиналған стадиондарда өтеді.

Қоғамдық тамақтану орындары, мәдени және спорт шараларына келушілер екпе жасалғаны көрсетілген ковид құжатын немесе коронавируспен ауырғаны туралы анықтаманы, не SARS-CoV-2 вирусына анықтайтын тестінің теріс нәтижесін ұсынуы тиіс. Бұл ретте корольдік үкіметінің басшысы азаматтарды сақ болуға үндеді.

«Бұл коронавирус пандемиясына дейінгі уақыт емес, себебі инфекция жұқтыру оқиғалары әлі де көп, ауруханаларда дертке шалдыққан адамдар әлі қаншама», - деді Рютте.

Оның айтуынша, инфекцияның күзде қалай өрбитіні белгісіз. Ел үкіметі ковид құжатын енгізу арқылы тұрғындарды вакцина алуға ынталандырмақ. Бүгінде Голландия азаматтарының 63 пайызға жуығы екпе салдыртқан. Медицина билігінің бағалауынша, қазіргі кезде елде инфекцияның ірі ошағы – мектептер. Ауруханалардағы жағдай аздап жақсарған, бірақ әлі де күрделі болып қалуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT