Ниагара өзеніндегі тасқын 100 жыл бұрын жартасқа тіреліп қалған кемені ағызып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ниагара өзенінің түбіндегі жартастарға 100 жыл бұрын тіреліп, сонда қалып қойған кемені қатты дауыл мен су тасқыны ағызып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS телеарнасына сілтеме жасап.

Ұзындығы 20 метрден асатын баржа 1918 жылдың тамызында өзін сүйреген кемеден үзіліп кеткендіктен, оны экипаж Ниагара өзенінің Канада бөлігіне шөктірген. Содан бері Таға сарқырамасынан (Канада сарқырамасы) 1,5 шақырым жерде жатқан кеме Ниагара кешенінің туристер қызықтайтын орындардың біріне айналған болатын.

Толассыз жауған нөсерден су деңгейі көтеріліп, оны 50 метрдей жерге дейін жылжытқан. Шөккен кемені өзеннің ағызуына дәл сол бағытта соққан қатты дауыл да септігін тигізген.

Канаданың Ниагара паркінің комиссиясы өзеннің кемені біртіндеп сарқырамаға дейін ағызып апаруы мүмкін деп болжап отыр.

Соңғы жаңалықтар