NFC чемпионы Ералы Әбдіров: Дауыс беру – бір параққа белгі қою емес

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Саяси науқаннан қалыс қалмай, ел болашағы үшін дауыс беруге келгендердің бірі – NFC чемпионы Ералы Әбдіров, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайлау – Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы маңызды қадамдардың бірі деп санайтын Ералы өз таңдауын жасау үшін 19 наурызды асыға күткен.

Е. Әбдіров Ақтау қаласының мәртебесін көтеріп, спорттық қарым-қабілеті арқылы облыс атын танытуға зор үлес қосып жүрген спортшы. Оның бүгінге дейін жеткен жетістігі аз емес. Мәселен, 2015 жылы кудодан Қазақстан чемпионы, 2016 жылы Азия чемпионы, ММА спортынан Қазақстан чемпионы атанған. 2018 жылы Халықаралық турнирде ересектер арасында 71 келі салмақ дәрежесінде NFS (Naiza Fighting Championship) белбеуінің иегері атанды.

«Сайлау — өз учаскеңе барып, бір параққа белгі қою емес, елдің болашағына алаңдап, оның дамуына үлес қосу. Жаңа Қазақстанның болашағына дауыс бердім. Қазақстан жастардың қолында деп сенемін. Дауыс беру – әр азаматтың парызы. Сондықтан қала тұрғындарын сайлауда белсенді дауыс беріп, дұрыс таңдау жасауға шақырамын», - дейді спортшы.


Соңғы жаңалықтар