Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 17 °С
Алматы: 17 °С
USD 341.18 EUR 392.97
RUB 5.34 CNY 52.50
Жаңалықтар

Нейрохирург Ақшолақов Сапарбаев сыйға тартқан көлікті Ақтөбеде қалдырды

2017 жылғы 21 наурыз 18:33 9941
Бөлісіңіз:
Нейрохирург Ақшолақов Сапарбаев сыйға тартқан көлікті Ақтөбеде қалдырды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер бүгін Ұлттық нейрохирургия орталығының президенті, Еңбек ері Серік Ақшолақовқа құрмет көрсетті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе жерінде туып, өскен Ақшолақовқа көлік кілтін сыйға берді. Ал еліміздің бас нейрохирургі сыйды облыстық жедел жәрдем ауруханасына табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде «Туған жерім - тірегім!» атты акция басталды. Бұл Ақтөбе жерінде туып-өсіп, еліміз үшін аянбай еңбек етіп жүрген белгілі тұлғаларды ұлықтауға арналған жоба. Наурыз мерекесі күні Ақтөбе Ұлттық нейрохирургия орталының президенті Серік Ақшолақов, академик Жақсылық Досқалиев пен Ұлттық тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов келді. Бүгінгі шара Серік Ақшолақовқа арналды.

«Аты аңызға айналған, Қазақстанның, қазақтың атын дүниежүзіне шығарып, мыңдаған адамға өмір, денсаулық сыйлаған ағаларымыз Ақтөбеге келді. Сіздермен Ақтөбе жұрты мақтанады. Өткен жылы Серік Қуандықұлы тұңғыш рет берілген Еңбек ері атағын алды. Серік Қуандықұлы үлкен дәрежеге ие болып тек Ақтөбенің емес, дәрігерлердің беделін, абыройын өсірді. Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәрігерлерге қамқорлығы деп білеміз»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Кейін әкім нейрохирург Серік Ақшолақов туған жерден жаяу кетпесін деген оймен көлік кілтін сыйға берді.

«Туған елім - терігім!» атты ұранға қарап, көңіл толқыды. Сіздерге айтар алғысым шексіз. Білім алып, маман болуыма ел азаматтарының ықпалы зор болды. Әке-шешеме, барлық ағайынға алғыс айтамын. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде білім алып, үлкен жетістікке жеттік. Бір келгенде нейрохирургия бөлімінде болған едім. Бүгін қарап, аппараттардың жаңарғанын көрдім. Бәрі өзгерген, жақсарған»,- деді Серік Ақшолақов.

Ұлттық нейрохирургия орталығының президенті алғашқы жұмыс жолын Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасында бастаған екен. Ақтөбеліктермен кездесуінде ұстаздары Жәңгірхан Әжігереев, Юрий Берчиков туралы айтты. Олар медицина, хирургия саласын дамытуға үлес қосқан дәрігерлер.

«Қызылордаға барған кезде ғарыш кемесінің ұшқанын көріп, тамашаладым. Көңілді толқытатын сәт. Ал менің «Байқоңырым» - облыстық жәдел жәрдем ауруханасы. Маған берген сыйды сол ауруханаға тарту етсем деймін. Себебі, кейде науқастың өмірін дәрігер емес, уақыт белгілейді. Автокөлік сол ауруларға көмектессе, мен өзімді бақытты санаймын»,- деді С.Ақшолақов.


Нейрохирург Ақшолақов Сапарбаев сыйға тартқан көлікті Ақтөбеде қалдырды

 

 


Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат