Неймар онлайн казинода 1 млн еуросын ұтқызып жіберді

None
Фото: championat.com
АСТАНА. ҚазАқпарат - Покерге деген сүйіспеншілігімен танымал бразилиялық ПСЖ клубының шабуылшысы Неймар бүгін, 29 наурызда онлайн казинода ойнап отырып 1 млн еуросынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат championat.com ресурсына сілтеме жасап.

Жарақат алып, маусымның соңына дейін демалып жатқан 31 жастағы футболшы екі сағатқа созылған құмар ойында 1 миллион еуродан астам ақшасын ұттырып жіберді.

Неймар покер турнирлеріне жиі қатысады, сонымен қатар осы карта ойынындағы көптеген іс-шаралардың бет-бейнесі ретінде көрініп жүр.

Қазір бразилиялық футболшы сіңіріне жасалған операциядан айығып жатыр.

Маусымның қалған бөлігінде алаңға шыға алмайтыны анық және келесі маусымға дайындықты бастауы керек.

Қазіргі науқанның 29 матчында Неймар 18 мәрте ерекшеленіп, 17 нәтижелі пас берді.

Шабуылшы мен ПСЖ арасындағы келісім 2025 жылы аяқталады.


Соңғы жаңалықтар