Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

«New Europe» басылымында Нұрлан Нығматулиннің мақаласы жарияланды

2019 жылғы 9 шілде 15:04 921
Бөлісіңіз:
 «New Europe» басылымында Нұрлан Нығматулиннің мақаласы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің «New Europe» басылымында спикерлердің Еуразиялық форумға дайындығы туралы мақаласы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия құрлығында серіктестікті нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын іске асыру барлық Еуропа және Азия елдерінің тұрақты болашағына ықпал ететініне сенім білдірді. Мәжіліс Спикері бұл туралы өз пікірін Еуропаның «New Europe» газетінде «Үлкен Еуразия: ортақ болашақ жолында» мақаласында айтты»,-деп жазады баспасөз қызметі.

Мақала  ағымдағы жылғы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесін өткізуге байланысты жарыққа шықты.

Ең бастысы, мақалада Қазақстан Еуразияны мемлекеттер арасында туындайтын қайшылықтардың бірлескен, ұжымдық шешілуіне, сондай-ақ ортақ қатерлерге қарсы тұруға негізделген жаңа серіктестік моделін түбегейлі сынау алаңы ретінде көрсетіледі.

Нұрлан Нығматулин, биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразиялық интеграция» идеясына 25 жыл толғанын, ол 1994 жылы жарияланып, бірнеше даму сатысынан өтіп, бүгінде Еуразиялық экономикалық одақта іске асырылып жатқанын айтқан.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Еуразия құрлығындағы серіктестікті одан әрі дамытудағы стратегиялық бастамасын 2010 жылы ЕҚЫҰ Астана декларациясы, сондай-ақ, 2015 жылы «Үлкен Еуразияны» құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясынан ұсынған идея болды. Бұл ой Еуразиялық экономикалық одақтың, Жібек жолы экономикалық белдеуінің және Еуропалық Одақтың бірыңғай ынтымақтастық жобасына біріктіруді білдіреді.

«Үлкен Еуразияның» теңдесі жоқ жобасы осы бірлестіктердің жұмысын үйлестіруді және олардың қатысушылары арасындағы сауда қатынастарын ырықтандыруды, көлік дәліздерін бірлесіп дамытуды, энергетикалық бағыттарды әртараптандыруды, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді және экономикалық өзара іс-қимылдың басқа да мәселелерін қарастырады», - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы үстіміздегі жылдың сәуірінде айтылған Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ұсынысына аса назар аударды. Бейжіңдегі «Бір белдеу, бір жол» Халықаралық ынтымақтастық форумының екінші отырысында «Үш диалог» құрудың қажеттілігі туралы Елбасының айтқанына тоқталды.

«Сондықтан Еуразиялық парламенттердің спикерлері IV кездесуінің басты мақсаты - еуразиялық кеңістіктегі өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту үшін Еуропа мен Азияның заң шығарушы органдары басшыларының, сондай-ақ халықаралық және парламентаралық ұйымдар басшыларының тікелей көпжақты диалогын құру болып табылады», - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, мемлекеттердің саяси және экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындаған парламенттің рөлі аймақтық және құрлықтық деңгейде өзара әрекеттесудің ортақ нүктелерін және өзара тиімді шешімдерді табу үшін маңызды негіз болады.

Нұр-Сұлтан қаласында өтетін парламентаралық форумға Еуропа мен Азияның 84 елінен Парламент басшылары, 16 халықаралық және парламентаралық ұйымдардың басшылары шақырылды.

Бүгінде 50-ден астам елдің парламентшілері өздерінің қатысуын растады, оның ішінде 40-тан астам елдің спикерлері, сондай-ақ 16 халықаралық ұйым бар.

Форумда Еуропаның және Азияның беделді парламентшілерінің қатысуы заманауи дамудың көкейкесті мәселелеріне қатысты пікір алмасуға, сондай-ақ Еуразиядағы өмірге қабілетті «әмбебап жеңіс» моделіне көшу үшін көрнекі және практикалық тәжірибелер алуға мүмкіндік береді. Талқылаудың нәтижесі, түпкілікті құжатты - Спикерлердің Бірлескен мәлімдемесі - бұл біздің ортақ болашағымызға Еуразия құрлығының одан әрі дамуы туралы парламентшілердің көзқарасын көрсететін болуы керек деп үміттенеміз. Жалпы алдағы форум еуразиялық кеңістіктегі жан-жақты өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты нығайтуға, парламентаралық байланыстар мен әріптестікті дамытуға ықпал ететін болады», - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Парламент,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT