+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Нетаньяху 12 жылдық биліктен кейін Израиль премьер-министрлігінен кетті

2021 жылғы 14 маусым 02:04
Бөлісіңіз:
Нетаньяху 12 жылдық биліктен кейін Израиль премьер-министрлігінен кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Израиль парламенті коалициялық үкіметтің жаңа құрамын бекітіп, Биньямин Нетаньяхудің 12 жылдан бергі билігіне нүкте қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Сидней тұрғындарына үйден 10 шақырымнан артық ұзап кетпеуге нұсқау берілді Қарағанды облысында сайланған 75 әкім қызметіне кірісті Әзербайжанда COVID төлқұжаттарын тексеруге арналған мобильді қосымша таныстырылды

Нетаньяху Израильді рекордты 5 мерзім бойы басқарды. Жаңа үкіметке бұрынғы қорғаныс министрі, оңшыл саясаткер Нафтали Беннет басшылық ететін болды. Коалицияда оның кабинеті Яир Лапидтің жетекшілігіндегі центристік партиямен жасақталған. Тараптар келісім жасасқан, оған сәйкес Беннет премьер-министр лауазымында екі жыл болады. Кейін бұл қызметті екі жылға, яғни жаңа парламенттік сайлау өткенше Лапидке береді.

Жаңа альянсқа идеология тұрғысынан үлкен қарама-қайшылыққа ие партиялар еніп отыр. Сондай-ақ үкіметте әйел министрлердің рекордты саны (8 министр) болатыны күтілуде. Партияларды саяси бағытта ештеңе байланыстырмаса да, олар Нетаньяхудің көпжылдық басшылығына нүкте қою мақсаттарында ортақ.

Альянс Израиль мен ХАМАС (Газа секторында палестиналық анклавқа басшылық ететін исламистік топ) арасындағы 11 күндік қақтығыстан кейін және көбіне араб халқынан құралған израильдік қалаларда қауымдар арасындағы жанжалдан кейін туындады.

Израильдің жаңа үкіметінде 28 министр мен олардың 6 орынбасары болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT