Несие тарихының нашар болуы зейнетақы жинағын пайдалануға әсер ете ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әртүрлі себептермен бір кездері несиесін жаппаған азаматтарға зейнетақы жинағы берілмеуі мүмкін бе? Тілшілердің бұл сұрағына Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ басшысы Ләззат Ибрагимова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нашар несие тарихы бір реттік зейнетақы төлемін беруден бас тартуға себеп болмайды. Бұл жағдайлар бір-біріне мүлде байланысты емес. Екінші кезеңде, яғни қаражат сіздің арнайы шотыңызға түскеннен кейін егер мақсаттардың бірі - жаңа ипотекалық несие алу болса, онда сіз екінші деңгейлі банктерге ең қолайлы жағдайларды іздеуге барасыз. Дәл сол кезде көбі (банктердің) сіздің қарыздарыңызды бұған дейін қалай төлегеніңізді талдауы мүмкін», - деп түсіндірді ол.

Ал «Отбасы банк» туралы сөз қозғаған Ләззат Ибрагимова бұл мәселеде өзі жетекшілік етіп отырған банктың саясаты қандай екеннін де айтып өтті.

«Егер өтінім берер алдында бір күн бұрын ғана басқа банк алдындағы мерзімі өтіп кеткен несиені жапсаңыз, екінші деңгейлі банктермен қарым-қатынасыңызға біз қарамаймыз. Біздің нарықтық бағдарламаларға сәйкес, қарызды төлегеннен кейін, біз жаңа проблемалық қарыздар туралы басқа оқиғалар болмас үшін үш ай күтеміз. Бұл жағдайда, сіз басқа банктегі қарызыңызды төлегеннен кейін 90 күн өткен соң, сіздің несие тарихыңызда мәселе туындамайды», - деп қосты Ләззат Ибрагимова.

Еске салсақ, 2021 жылы 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.

23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.


Соңғы жаңалықтар