Несие өнімдеріне жеке мөлшерлеме тағайындалады – Нұрлан Абдрахманов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Абдрахманов онлайн брифинг барысында несиелердің шекті мөлшерлемесі бойынша әртараптандыру жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл да Мемлекет басшысының тапсырмасы болып отыр. Агенттік Ұлттық банкпен, Қаржыгерлер қауымдастығымен біріге отырып несие өнімдерінің түріне байланысты шекті мөлшерлемені әртараптандыру тетіктерін қарастырып жатыр. Қазір бұл жұмыстар қолға алынып жатқандықтан, сіздерге қай несие түрі бойынша қанша шекті мөлшерлеме болатынын айта алмаймын», - деді Нұрлан Абдрахманов.

Оның айтуынша, қазір нарық зерттеліп жатыр. Банк өнімдері, микроқаржылық ұйымдардыңғ өнімдеріне талдау жүргізіліп жатыр.

«Әр өнім бойынша әр несие иелерінің санаттарына жеке тіимді мөлшерлеме тағайындалатын болады», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар