Несие алмақ болған Өскемен тұрғыны алаяққа 1 млн теңгеге жуық ақша берген

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны алаяқтың арбауына ілігіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына Ұлан ауданының 34 жастағы тұрғыны хабарласқан. Өз сөзінде ол несие ресімдеуге көмектесемін деген танысына 850 мың теңге бергенін жеткізді. Алайда сол күйі несие де ала алмай, ақшасын да қайтара алмай қалған.

«Жәбірленушінің айтуынша, ол ескі несиелерді жабу үшін жаңа несие алмақ болды. Алайда алаяқтың арбауына түсіп қалғанын білген соң полициядан көмек сұраған. Тәртіп сақшылары көп ұзамай 52 жастағы күдіктіні қолға түсірді», - деді басқарма бастығы Андрей Мула.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Соңғы жаңалықтар