Непалда ұшақ пен тікұшақ соқтығысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Непалдың шығысында әуежайда ұшақ орнынан енді қозғалған сәтінде жанында тұрған тікұшақпен соқтығысты. Бұл туралы жексенбі, 14 сәуірде Setapati басылымы жазды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға салдарынан екі адам мерт болып, бесеуі зардап шекті.

Келеңсіз жағдай Лукла қаласына жақын жерде болған. Зардап шегушілер ауруxанаға жеткізілді.

Жергілікті биліктің дерегі бойынша, ұшақта жолаушылар болмаған. Әзірге олардың неліктен соқтығысқаны белгісіз, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар