Непалда су тасқынынан 56 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Непалда су тасқыны мен лай көшкінінен 56 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат СИНЬХУА агенттігіне сілтеме жасап. 

2 шілдеден бері Непалдың 39 ауданын су тасқыны мен лай көшкіні басып қалды. Салдарынан 56 адам ажал құшты. Бұл жөнінде елдің ІІМ жариялаған мәліметте айтылады.

Одан бөлек, 12 адам із-түзсіз жоғалған, тағы 9 адам табиғат апатынан жарақат алған.

Соңғы күндері Катманду алқабы да қатал ауа райының әсерінен зардап шегуде. 3 мыңнан астам жергілікті тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Құтқару операциясына мыңға жуық әскерилер мен полицейлер жұмылдырылған.

Непал үкіметі табиғат апатының салдарын жою үшін бірқатар шаралар қабылдады. 

Соңғы жаңалықтар