Непалда су тасқыны мен көшкін 65 адамның өмірін қиып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Непалдағы толассыз жауған жаңбырдың салдарынан басталған су тасқыны мен көшкіннен қаза тапқандардың саны 65-ке жетті, деп хабарлады дүйсенбі күні CNN телеарнасы елдің полиция қызметіне сілтеме жасап.

Непалдың құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сәйкес, қазіргі таңда із-түссіз жоғалғандардың қатары кем дегенде 30 адам, ал 40-ы жарақат алған.

Непалдағы жауын-шашындар бейсенбі күні басталған. Табиғи апат елдің 20-дан астам ауданында орын алған. 1,4 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Қажетті көмек көрсетуге 30 мыңға жуық қауіпсіздік саласы қызметкерлері жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар