+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Непалда автобус құздан құлап, 14 адам мерт болды

2019 жылғы 15 желтоқсан 16:44
Бөлісіңіз:
Непалда автобус құздан құлап, 14 адам мерт болды

КАТМАНДУ. ҚазАқпарат – Непалда автобус аударылып, 14 адам қаза тапты және 18-і жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат thehindu.com сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жексенбі күні тәу етушілер мінген автобус тасжолдан шығып кетіп, құздан құлап түскен. Соның салдарынан 14 адам қаза тауып, 18-і түрлі дене жарақатын алды.

Басылым атап өткендей, тәу етушілер индуистік храмға барып, үйлеріне қайтып бара жатқан. Автобус ел астанасы Катмандудан шығысқа қарай 80 шақырым жерде апатқа ұшырады.

Құтқарушылар зардап шеккен жолаушыларды шығарып алып, оларға көмек көрсету үшін жақын жердегі ауруханаға жеткізген. Полицияның ақпаратына сәйкес, жол жаңбыр мен температураның төмендігіне байланысты тайғақ болған. Таңғы тұманнан жол да көрінбеген. Сондай-ақ, полиция көлік құралы бұзылған деген нұсқаны да қарастырып жатыр.

Фото: www.arabnews.com

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT