Непал азаматы 24 рет Эверестке шығып, өзінің әлемдік рекордын жаңартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Непал азаматы Ками Рита жиырма төртінші рет Эвереске шығып, өзінің бір апта бұрынғы әлемдік рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, өткен аптада Гималайда тіршілік кешіп жатқан ат төбеліндей аз ғана шерп халқының өкілі, 49 жастағы шерп ұлтының өкілі Ками Рита Эвересті кезекті рет бағындырып, бір жыл бұрын орнатқан рекордын жаңартқанын хабарлаған едік.null

Сол кезде жергілікті билік оның биіктігі 8848 метр келетін Джомолунгма шыңына 07:50 минутта шыққандығын мәлімдеген.

Ками Ританың айтуынша, ол кем дегенде тағы бір рет Эвереске шықпақ.

Бір қызығы, Ритадан өзге тағы бірнеше шерп Эвереске жиырма реттен астам шыққан.

Қазірге дейін Эвересті бағындырған альпинистердің саны 5 мыңның айналасында. Олардың ішіндегі ең қарты жапон Юитиро Миура. 70 жасында бірінші рет, ал 75 жасында екінші рет Жердің ең биік шыңын бағындырған Миура 2013 жылы 80 жылдығын тойлау үшін үшінші рет Эвереске көтерілген.

Соңғы жаңалықтар