Неміс журналы Головкинді 2016 жылдың ең үздік боксшысы деп атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Box Sport журналы қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) кәсіпқойлар арасында 2016 жылдың ең үздік шетелдік боксшысы деп атады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин бұл номинацияда украиндық боксшы Василий Ломаченко (7-1, 5 КО) мен америкалық Андре Уордты (31-0, 15 КО) басып озды.
Өткен жылы GGG рингке екі рет шығып, сәуір айында америкалық Доминик Уэйдті (18-1, 12 КО) және қыркүйекте британдық Келл Брукты (36-1, 25 КО) нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, Box Sport басылымының мұқабасына Головкин - Брук айқасының сәті бейнеленген.

Соңғы жаңалықтар