Неміс компаниясы Ертіс ХМЗ-на инвестиция салуға дайын екені білдірді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Даниал Ахметов ШҚО Шемонаиха ауданындағы Первомайский кентінде орналасқан химия-металлургия зауытын қалпына келтіру, дамыту, іске қосуға қызығушылық танытып отырған «ICMP Dinatron» компаниясының басшылығымен кездесті.

«ICMP Dinatron» компаниясының өкілдері Ертіс зауытының жұмысын қалпына келтіру және жаңғыртуға қатысты ниетін танытты.

Кездесу кезінде аймақ басшысы әлеуетті инвесторлардың отандық заңнама аясындағы ұсынысын қолдайтынын, ал олар жоспарын ұсынған соң барлық жайттарды «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-мен талқыға салынатынын атап өтті.

Тараптар «ЕМХЗ» жобасын іске асырудағы өзара әрекеттестік, Қазақстаннан өнімдерді экспорттау, инвестициялық келісімшарт параметрлері, нысан аумағындағы экологиялық аспектілер бойынша мәселелерді қарастырды.

Неміс компаниясы басқармасының төрағасы Эрих Швагердің айтуынша, компанияның ниеті зор. Жарты жыл бұрын бірінші сапары кезінде олар зауытпен танысып, бүгінде жобаға кейіннен инвестициялардың 300 млн. еуродан артық өсімімен бірінші кезекте 52 млн. еуро салуға дайын. Шамамен 250 адам жұмыспен қамтылады.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, ЕХМЗ шығаратын негізгі өнім - кесек түріндегі ниобий. Өнімнің бұл түрі Қытай, Ресей және Еуропа елдерінде сұранысқа ие.

Зауыттың жұмысы 2008 жылдың ақпан айынан бастап шикізатты сатып алуға ақшалай қаражаттың болмауынан тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар