Неміс ғалымдары төсекте жатып ақша табуға керемет мүмкіндік жасамақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Неміс ғалымдары екі ай бойы төсектен тұрмай жатуға келісетін еріктілерге 16.500 еуро мөлшерінде ақы төлемек. Бұл туралы euronews.com хабарлады.

Экспериментті Кельндегі ғарыштық зерттеулер орталығы ұйымдастырып отыр. Осы арқылы ғалымдар ұзақ уақыт бойы көлденең жатқан адам ағзасындағы өзгерістерді түсінуге әрекет жасамақ.

Бір белгілісі, ұзақ уақыт бойы салмақсыздық күйінде болу сүйектер мен бұлшықеттердің атрофиясына себеп болып, жүрек-қан тамыры белсенділігін бәсеңдетеді, ағзадағы сұйық дененің жоғарғы бөлігіне қозғалуға ұмтылады. Бұдан бөлек, қимылсыз жата беру бастың айналып, жүрек айнуына, вестибулярлық аппарат жұмысының бұзылуына, жалпы иммунитет жүйесінің әлсіреуі мен бел ауруына әкеп соқтырады.

Экспериментке байқау жариялаған Неміс аэроғарыш агенттігі 60 күн бойы қимылсыз жатуға келісім беретін 12 ер адам мен 12 әйелді іріктеп алмақ.

Айта кетейік, эксперимент дайындық кезеңімен бірге 89 күнге созылады.

Соңғы жаңалықтар