+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Неміс ғалымдары COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қан топтарын анықтады

2020 жылғы 16 қазан 08:44
Бөлісіңіз:
Неміс ғалымдары COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қан топтарын анықтады

БЕРЛИН. Deutsche Welle-ҚазАқпарат – Ғалымдар COVID-19 бен қан топтары арасындағы байланысты көрсететін екі жаңа зерттеу жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Ғалымдар Италия мен Испаниядан келген коронавируспен ауыратын 1610 пациентті зерттеді. Олардың ДНҚ молекулалары зерттелді. Анықталғандай, II қан тобындағы адамдарда (қазіргі классификацияға сәйкес оны А қан тобы деп те атайды) COVID-19 қаупі айтарлықтай жоғары. Атап айтқанда, I қан тобындағы адамдармен (қазіргі классификацияға сәйкес 0 қан тобы) салыстырғанда екі есе көп.

Бірінші қан тобындағы адамдарға келетін болсақ, жаңа деректер олардың коронавирусқа қарсы иммунитетін мүлдем көрсетпеді, бұл олардың COVID-19 вирусының ауыр түрімен ауырып шығу қаупі барынша аз екенін білдіреді.

Ал III және IV қан тобындағы немесе қазіргі классификация бойынша В және АБ топтарындағы коронавирус жұқтырған науқастарда COVID-19 вирусымен ауырудың айқын тенденциясы байқалмайды.

14 қазанда Blood Advances мамандандырылған басылымында тағы екі зерттеудің нәтижелері жарияланды.

Неміс және норвег ғалымдары коронавирусты жұқтырған жағдайда I қан тобындағы адамдарда ауру жеңіл түрде жүреді деген тұжырымдарын растады. Грац медициналық университетінің ғалымдары қазір мұның себебін білуге тырысып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT