Неміс футболшысы Месут Өзил спорттан кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс футболшысы Месут Өзил спорттағы мансабын аяқтады. Ол бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біраз ойлана келе кәсіби футболдан кету жөнінде шешім қабылдадым. 17 жыл бойы футбол ойнадым және осындай мүмкіндік үшін тағдырыма ризамын. Бірақ соңғы айларда бірнеше мәрте жарақат алдым, соған қарағанда үлкен футбол аренасынан кететін уақыт келгені анық. Бұл ұмытылмас сәттер мен эмоцияға толы таңғажайып саяхат болды. Өзім ойнаған Шальке-04, Вердер Бремен, Реал Мадрид, Арсенал, Фенербахче, Башакшехир клубтарына алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ мені қолдаған жаттықтырушылар мен жан жолдасыма айналған командаластарға рахмет. Отбасы мүшелеріме және ең жақын достарыма ерекше ризашылығымды білдіремін... Енді әйелім Аминамен және екі қызым Эда және Эламен бірге келешектің маған тартатын сыйын асыға күтемін. Келесі кездескенше!» деп жазды Өзил Instagram парақшасында.

Месут Өзил - неміс футболшысы, шабуылдаушы жартылай қорғаушы. Германия құрамасында ойнап жүргенде 2014 жылы әлем чемпионы атанды. Жасы 34-те.


Соңғы жаңалықтар