Некеге тұрмас бұрын қыз бен жігіт бедеулікке медициналық тексерістен өтуі тиіс – министрлік түсініктеме берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Шакизат Халықова некеге тұрмас бұрын бедеулікке арнайы медициналық тексерістен өту бастамасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл – жоба. Оның аясында айтылып отырған ұсыныс міндетті тексеруді көздемейді. Әрбір жас жұп некеге тұрмас бұрын ерікті түрде осы тексерістен өтіп, денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат ала алады. Алынған мәліметтердің нәтижесі жігіт немесе қыздың қолына беріледі. Ол некені әрі қарай жалғастырмау керек деген шектеу емес. Некеге тұруға тыйым салынбайды», - деп түсіндірді ОКҚ-де өткен брифингіде Аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы Шакизат Халықова.

Спикердің пайымынша, аталған жоба жоспарлы жүктілікке бағытталған. Егер алдын ала медициналық тексеруден өткен кезде ер адамнан немесе қыздың денсаулығында дерт анықталса, оған ем ұсынылады. Ол неке кезінде болуы мүмкін теріс салдардың алдын алуға арналған.

Еске сала кетейік, таяуда Денсаулық сақтау министрлігі жастарға неке құрмас бұрын бедеулікке арнайы медициналық тексеруден өтуді ұсынған болатын.


Соңғы жаңалықтар