+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Негізгі өсім шикізаттық емес секторға тиесілі болады - Үкімет

2019 жылғы 12 қыркүйек 11:01
Бөлісіңіз:
Негізгі өсім шикізаттық емес секторға тиесілі болады - Үкімет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінде елдің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Рудный кәсіпорындары экспорт көлемін ұлғайтпақ Қазақстан А деңгейіндегі кредиттік рейтингке кіру үшін не істеу керек Топ-30 экономикасына кіру үшін жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсімі қажет- Руслан Дәленов

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев болжамды қалыптастырудың негізгі факторларына тоқтала келе, бұл ретте Жалпы ішкі өнім бойынша 2018 жылғы есептік статистикалық деректер, биылғы 7 айдағы экономика дамуының қорытындылары қамтылғанын атап өтті.

«Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,2 пайызды құрады. Инфляция нысаналы дәлізде (5,4%), инвестициялар 11 пайыз деңгейінде өсуде. Әлемдік қаржы ұйымдарының мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы мұнай бағасының консенсус-болжамы 65 долларды құрайды. Ал 2020 жылы бір баррель үшін 63 долларына дейін төмендейді», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасы дамуының ықтимал үш сценариі қаралды. Болжам мен бюджеттік параметрлерді қалыптастыру үшін базалық сценарий негізге алынды. Ол мұнай бағасын 55 доллар көлемінде көздейді.

«Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2020 жылы 4,1 пайыз деңгейінде болжанып отыр. 2024 жылы ол 4,7 пайызға жетеді. Орташа жылдық өсу қарқыны 5 жылда 4,4 пайызды құрайды. ЖІӨ-нің жалпы жинақтың, ішкі тұтынудың және экспорттың өсуі есебінен қамтамасыз етіледі. Инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың маңызды факторы болады», - деді М. Такиев.

Салалық бөліністе негізгі өсім шикізаттық емес секторына тиесілі болады. Бұл өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету саласы және құрылыс. Бұл салалардың орташа өсімі 4,7 пайыз деңгейінде болады. Жалпы ішкі өнімнің өсуіндегі салымы 3,5 проценттік тармақты құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT