NEET санатындағы жастармен жұмысты ұйымдастыруда жаңа әдістерді қолдану қажет - Біржан Әлімжан

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – NEET санатындағы жастармен атаулы жұмысты ұйымдастыруда мемлекеттік ақпараттық жүйелердің әлеуетін қолдану қажет. Бұл туралы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты Біржан Әлімжан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада өткен «Ашық үкімет және басқарудың жаңа мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жас мемлекеттік қызметші NEET санатындағы жастардың айматық базасын жасақтауда арнайы алгоритмді әзірлеу керек екенін атап өтті.

«2 күннен бері Академия қабырғасында мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық конференция өткізіліп жатыр. Өз тарапымнан мемлекеттік жастар саясаты саласы бойынша, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың NEET санатындағы жастармен атаулы жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне арналған баяндама жасадым. Зерттеу жұмысымда NEET жастардың үлесіне байланысты қазіргі трендтер, шетелдік озық тәжірибе зерделенді. Сонымен қатар, осы бағыттағы жағдайды оңталту үшін атаулы сипаттағы жұмысты күшейтудің маңыздылығы туралы айттым. Негізігі ұсыныс – NEET санатындағы жастармен атаулы жұмысты ұйымдастыруда мемлекеттік ақпараттық жүйелердің әлеуетін қолдану. Оның ішінде осы санаттағы жастардың айматық базасын жасақтауда арнайы алгоритмді әзірлеп, жүйелі монторингін ұйымдастыру бар», - деді Біржан Әлімжан.


Соңғы жаңалықтар