NEET санатындағы жастар көп өңірлерде колледждерге бөлінетін грант азайған

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – NEET санатындағы жастар көп өңірлерде колледждерге бөлінетін грант азайған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100 пайыз қамту туралы тапсырмасын іске асыру аясында мемлекеттік тапсырыс республикалық бюджет есебінен 45 мың орынға ұлғайтылып, биыл рекордтық 128 мың орынды құрап отыр», - деді министр.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бірінші кезекте техникалық бағыттағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9-сынып түлектерін колледждерде тегін қамту жоспарланған.

«Бірақ NEET жастар саны көп өңірлерде жергілікті бюджет есебінен бөлінетін гранттардың азайғаны байқалады. Сондықтан жергілікті бюджеттен гранттарға бөлінетін қаражаттың азаюына орай республикалық бюджеттен қосымша грант бөлуге мәжбүр болдық. Сондықтан жергілікті атқарушы органдарды осы мәселені бақылауға алуды өтінемін. Әлі қабылдау жүріп жатыр, осы мәселеге көңіл бөлулеріңізді сұраймын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар