Назым Қызайбай алты дүркін әлем чемпионын жеңіп, Азия чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН ҚазАқпарат - Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екінші алтынын жеңіп алды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан командасының көшбасшысы, 51 келідегі Назым Қызайбай финалда әлемнің алты дүркін чемпионы, үндістандық Мэри Комды жеңді. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берген.

Айта кетелік, бұған дейін Алуа Балқыбекова Азияның алтынын иемденген болатын.


Соңғы жаңалықтар