Назерке Нұрғали дүниежүзілік шахмат олимпиадасында жүлде еншіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық жас шахматшы Назерке Нұрғали Түркияның Чорум қаласында өткен 16 жасқа дейін жасөспірімдер арасында дүниежүзілік шахмат олимпиадасынан табысты оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүбірлі бəсекеде ол қыздар және ұлдар арасында да сынға түсті. Нәтижесінде қыздар арасында күміс, ұлдар арасында қола жүлде жеңіп алды. Швейцар жүйесі бойынша өткізілген жарыста Назерке 8 ойыннан 6,5 ұпай жинады. Айта кетейік, жас шахматшы дүниежүзілік олимпиадаға алғаш рет қатысқанына қарамастан осындай толайым табысқа кенеліп отыр.
Жас шахматшы енді Павлодарда өтетін халықаралық турнирге облыс құрама командасымен бірге қатысады. Ол 17 қараша-1 желтоқсан аралығында өткізіледі.
Назерке Нұрғали шахматтан еліміздің спорт шебері, ФИДЕ-нің спорт шебері. Сондай-ақ, 10 дүркін Қазақстан, 2 дүркін әлем, 5 дүркін Азия чемпионы атанған.
- Футбол: «Ордабасы» клубына бас бапкер тағайындалды
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Қызылорда облысында салықтан жалтарған кәсіпкер мемлекетке 136 млн теңге шығын келтірген
- Әлем чемпионы Крис Юбэнк Головкинді жекпе-жекке шақырды
-
Қызылорда облысында 134 дәріге шекті баға енгізілді
-
Криштиану Роналду футбол тарихындағы үздік сұрмерген атанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам