USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Назерке Әріптің өліміне күдікті сот алдында жауап беруде

2017 жылғы 14 желтоқсан 12:03
Бөлісіңіз:
Назерке Әріптің өліміне күдікті сот алдында жауап беруде

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен ұсталған Талғар ауданының 33 жастағы тұрғыны Исқақов Құрбанның соты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Істі қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты қарап жатыр.

Сот жабық режімде өтуде.

Қайтыс болған Назерке Әріптің анасы Сәуле Сарбаева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында қылмыскерге ең қатал жаза тағайындау үшін барын салатынын айтты.

«Мен ол адамның өмір бойы түрмеде отырғанын қалаймын. Себебі, бұрын да азаматтық некедегі әйелін 18 жерінен пышақтап өлтірген, бірнеше рет зорлық жасаған. Сол үшін 11 жылға кесіліп, оның 9 жылын отырып шыққан. Сонда осындай қанішер адамды қалайша босатуға болады? Мен оны өмір бойы түрмеде отыруына қол жеткізуге тырысамын. Ол тағы 10 жылда шығатын болса, онда басқа қыздардың обалына қалады», - деді марқұм Назеркенің анасы, жапа шегуші Сәуле Сарбаева.

Оның айтуынша, Ысқақов Назеркені өлтіргенін мойындап отыр. Қазір сотталушының қорғаушысы зорлау фактісінің болмағанын дәлелдеуге тырысып жатыр.

«Сотта да зорлады деген айыпты тақпаңыз дейді. Жай ғана өлтірдім деп мойнына алды. Қылмыскер одан қорқып тұрған жоқ. Ол зорлық көрсеткенін мойнына алғысы келмей тұр. Бірақ оған дәлел жетерлік, қызымның іш киімі болмаған, адам өлтіруге зорлықтан басқа мотив болмаған. Қызым менің бай емес, оның қалтасында уыс-уыс ақша жоқ. Тек таза пәк қыз болғандықтан, артын жасыру үшін өлтіріп тастады», - деді ол.

Сотталушының анасы Назеркенің ата-анасына барып баласының есі дұрыс еместігін алға тартып ақтап алуға тырысқан.

Алайда, сот сараптамаларының нәтижесінде күдіктінің ақыл-есі дұрыс екені дәлелденді.

Алматы қаласы мен Талғар арасында көлігімен жолаушы тасумен айналысатын күдікті өз кінәсін мойындаған.

Іс материалдарына сәйкес, күдікті Назеркені сол күні қалаға жеткізіп салмақ болған. Жарты жолда бойжеткенді зорлап, буындырып өлтіріп Кеңсай зираты жаққа апарып тастаған.

Айта кету керек, 10 шілде күні 18 жастағы Назерке Әріп Тұздыбастау ауылындағы үйінен шығып сол бетте оралмаған. Кейін 6 қыркүйекте Назеркеге ұқсайтын қыздың денесі Кеңсай зиратынан табылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT