«Nazarbayev Fund Schools Challenge» жобасының үздік қатысушылары Ұлыбританияға барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 маусым күні Назарбаев Университетінде «Nazarbayev Fund Schools Challenge» Республикалық конкурсының ақтық сыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорынан мәлім еткендей, 17 финалист арасынан екі үздік команда анықталды. Олар Павлодар облысынан «Single wave» және Ақмола облысынан «Aviators» командалары.

Мектеп оқушыларының инженерлік-техникалық салаларына қатысты білімін тереңдетуге, көлік саласындағы зияткерлік меншік өнімдерін дайындаудағы қызығушылығын арттыруға арналған сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100 команда (500 адам) қатысты.

Ақтық сын 25 маусым күні Назарбаев орталығында өткізілді. 17 команданың (85 адам) жобалары техника саласы мен инженерлік мамандықтарға арналды. Соның ішінде: көлік пен логистика, мұнай мен газ, машина құрастыру, сәулет өнері мен құрылыс, шикізатты бұрғылау мен өндіру, биотехнологиялар, химиялық өндіріс, IT, биотехнологиялар, робототехника және тағы басқа.

Тұңғыш Президент қорының басшылығы қордың инновацияға қатысты жастардың ілкімді жобаларын қолдаудағы рөлін атап өтті. «Бүгінде ел жастарының ғылымда болсын, инновацияда болсын өз мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай мен мүкіншіліктер саны толығып келеді. Осындай мүмкіншіліктердің бірі - Тұңғыш Президент қорының «Nazarbayev Fund Schools Challenge» конкурсы. Оған мектеп оқушылары үлкен қызығушылық білдіріп қатысатыны қуантады. Осы өткізілген үш жыл ішінде конкурсқа елдің түкпір-түкпірінен 1500 жас өрен қатысты», - делінді.

Енді «Single wave» және «Aviators» жеңімпаз-командаларының қатысушылары және әр команданың екі мүшесі 2019 жылғы тамыз айында Ұлыбританияның Крэнфилд университетіне бір аптаға барады. Бұл оқу орны аэроғарыштық жобалау мен «жасыл» технологияларды дамыту бойынша әлемнің екі ЖОО орны болып табылады.

«Біз алғашынан жеңіске жетуді ойладық, сендік және оған жеттік! Біздің команда ұшақтардың жанар-жағармайын үнемдейтін, салон сыйымдылығын үлкейтетін, лайнерлердің жылдамдығын тездететін жобаны ұсынды. Бір ай бойына қарқынды жұмыс істедік. Бұның барлығының бекер болмағанына қуаныштымын», - деді «Single wave» командасының мүшесі Дмитрий Никифиров.

Айта кетейік, былтырғы жылдарғы жеңімпаздар Қазақстан мен шет мемлекеттердегі үздік техникалық оқу орындарына оқуға түсті.

«Конкурстың нәтижесі ретінде бір мысал келтірер болсақ, былтырғы жылғы жеңімпаз Қызылорда қаласының тумасы Евгений Демиденко туралы айтуға болады. «Nazarbayev Fund Schools Challenge» конкурсының қатысушысы ұшақтың жаңа моделін ойлап тапты. Кейін Евгенийдің бұл идеясын авиациялық, ғарыштық және әскери техниканың әлемдік ірі құрастырушыларының бірі The Boeing Company сатып алды», - деді қордың баспасөз қызметінен.

Конкурс ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК, Назарбаев Университеті, «Air Astana» АҚ, «Samruk-Kazyna Trust» АҚ және Крэнфилд (Cranfield University) франко-британдық ғылыми-зерттеу университеті.

Соңғы жаңалықтар