+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Назарбаевтың жаһандық бастамалары: Ядролық қарудан бас тарту - қауіпсіздікке елеулі үлес қосты

2016 жылғы 25 қараша 08:50
Бөлісіңіз:
Назарбаевтың жаһандық бастамалары: Ядролық қарудан бас тарту - қауіпсіздікке елеулі үлес қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ядролық арсеналы жағынан қуаттылығы бойынша әлемде төртінші мемлекет ретінде белгілі болды. Осы жағдайда ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық держава басшысы болудан бас тартып, мемлекеттік даналық танытты.

Жақында Жапонияға сапары барысында Н. Назарбаев «Киодо Цусин» ақпараттық агенттігіне сұхбат бергенде полигонды жауып, ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан барша адамзат үшін сын-қатерлердің алдын алу жолында салмақты қадамдар жасағанын атап өтті. Осы орайда Мемлекет басшысы бұл зымырандарды алып тастағанын айтқан болатын.

Ядролық арудан бас тартқан Қазақстан халықаралық аренада бейбіт бастамаларды көтеруге моральдық тұрғыда құқылы болды. Сонымен қатар еліміз ядролық державалардан қауіпсіздік кепілдігіне, Семей полигонында ядролық сынақ салдарын жоюда осы мемлекеттерден көмекке, әлемдік бизнес қоғамдастықтың үлкен сеніміне ие болды.

2009 жылдың желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күні ретінде жариялау туралы Қазақстанның қарарын бірауыздан қолдады. Осы атаулы дата, яғни 29 тамыз БҰҰ, әлем елдері, үкіметаралық және ҮЕҰ-дың Ядролық сынақтарды тоқтатуға бірлесе күш салатын күні. Бұл қауіпсіз әлемді құрудағы талаптардың бірі болып табылады.

БҰҰ БасАссамблеясының осыған сәйкес қарарының преамбуласында «адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жойқын апат салдарына жол бермеу арқылы ядролық сынақтарға нүкте қою» қажеттігі көрсетілген. Соңғы жылдары әлем Қазақстан бастамаларын жиірек тыңдай бастады. 25 жыл бұрын Қазақстан аумағында Семей ядролық полигоны жабылған болатын. Бұл Қазақстанның жер-жаһанды ядролық қарусыздандыру үдерісіне қосқан үлесін әлем қауымдастығы тарапынан мойындаудың нақты дәлелі болса керек.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан басқа мемлекеттермен бірлесе отырып, ядролық қарусыздандыру және ядролық қару-жарақты таратпау тәртібін күшейту жұмысына барынша атсалысып келеді. Бүгінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірін жабу туралы Жарлығы мен әлем бойынша 4-ші орында болған ядролық қару-жарақ қоймасын жою туралы тарихи шешімді қабылдаған Қазақстан халқының әрекеті әлемді ядролық қарудан азат етудің жарқын үлгісі болып табылады. Саяси еркі бар барлық халықтар мен мемлекет басшылары осындай таңдау жасай алады деген сенім мол.

Айта кетейік, 2011 жылғы 29 шілдеде Қазақстан өз аумағында төмен байытылған уран банкін орналастыруниеті туралы ресми өтінімді халықаралық агенттікке жіберді. Осы ретте Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің техникалық миссиясы Үлбі металлургиялық зауытын таңдады. Бұл 65 жылдық тарихы бар кәсіпорын, оның 45жылдан астам мерзімінде осындай материалмен жұмыс істеу тәжірибесі бар.

Қазақстан ірі уран өндіруші және жоғары байытылған уранды төмен байытылған уран формасына қайта өңдеу мүмкіндіктеріне ие бола отырып, бейбіт ядролық энергетиканы дамытуға өзүлесін қосуға ниетті

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT