Назарбаевтың жаһандық бастамалары: «АТОМ» жобасы - ядролық қарусыз әлемнің негізі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «АТОМ» халықаралық жобасы іске асқан болатын. Бұл бастамасы туралы Мемлекет басшысы 2012 жылдың 29 тамызында «Ядролық сынақтарға тыйым салу, ядролық қарусыз әлем» атты халықаралық конференцияда мәлім еткен еді.

Халықаралық конференцияда сөз алған Қазақстан Президенті әлем Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнді осымен үшінші рет атап өтіп жатқанын айтқан болатын. Бұл датаның өзі Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ-ның қаулысымен бекітілген.

«Қазақстан халқы - ядролық қару мен радиацияның зардабын тартқан ел. Қырық жылға созылған ол сынақтар өте қорқынышты еді. Жеріміздің асты-үстінде «бейбіт мақсатты» сылтау еткен  500 сынақ жүргізілген екен. Бұл  ядролық қару пайда болғаннан бергі әлемде жүрізілген сынақтардың тең жартысы екен», - деген болатын сол конференцияда Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, ядролық қарусыз әлемге талпыну - дүниежүзі халқының ортақ мақсаты болуы керек. Сондықтан да, Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша «АТОМ» халықаралық жобасы ұсынылған болатын.

Бұл жобаның атауы  «Abolish Testing. Our Mission», яғни «Сынақтарды жою - біздің мақсатымыз» дегенді білдіреді. Жоба аясында ядролық қаруға қарсы Жер бетіндегі кез келген адам онлайн-петицияға қол қоя алады.

Қазақстан Республикасының Президенті сол халықаралық конференцияға қатысушыларды ядролық қаруға қарсы әлем құруға шақырған болатын.

Соңғы жаңалықтар